Сайлауға түсетін үшінші кандидат белгілі болды

114
фото sputniknews.kz

ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті ұсынған екі үміткердің бірі Мұхтар Тінікеев сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы президент сайлауына экс-депутат Амангелді Таспиховтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәсіподақтар федерациясының атқару комитетінің отырысында екі үміткер ұсынылды. Бірақ оның бірі, федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев президенттіке сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартқан.

«Мені үміткер ретінде ұсынуға негіз жоқ, өйткені менің қазақ тілімнің деңгейі оған мүмкіндік бермейді «, – деді Тінікеев жиында. Қазақстан президенті сайлауына түсушілерге қойылатын басты талаптың бірі  – қазақ тілін еркін меңгере білуі.

Амангелді Таспихов 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – инженер-механик. 1998-2002 жылдары парламент сенатының депутаты, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болды. Кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарды. Қазір ол Батыс Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.