Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және аудандық басқармалары халықты қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету мақсатында, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді.
Мониторингілеу шеңберінде 2019 жылдың І тоқсанында 29 нысаннан барлығы 476 (тағам өнімдері – 363 (76,2%), тағам емес өнімдер 113 (23,8%)), оның ішінде 140 – Қазақстандық өнім өндірушілердің өнімдері, 260 – Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері, 76 – басқа мемлекеттердің өнімдерінің сынамалары сатып алынып, 41 (8,6%) өнім техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды (микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 3, физико-химиялық көрсеткіш бойынша – 6, таңбалау көрсеткіші бойынша – 32).
Тамақ өнімдерінің зерттеу нәтижелері бойынша үш тағам өнімдерінде ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Атап айтар болсақ, “Нұрсәт” мөлтекауданында орналасқан «Береке» азық-түлік дүкенінен «Gulim» сауда белгісінің сиыр етінен жасалған қимасы (өндіруші: ЖК «Молжигитова», Шымкент қ.), «Едим дома» сауда белгісінің сиыр етінен жасалған қимасы (ЖК «Мещярекова», Шымкент қ.) және «Ағайындар» сауда белгісінің сиыр етінен пісірілген мұсылмандық шұжық өнімдері (өндіруші: ЖК «Мансурова И.М.», Жамбыл облысы) микробиологиялық зерттеуге алынды.
Бұдан басқа, тексеру барысында «Береке» азық-түлік дүкені қойма, үй-жайлары және тоңазытқыш камераларының температурасын өлшейтін құралдармен толығымен қамтылмағаны анықталды. Шикізат пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары және өнімнің жарамдылық, сақтау мерзімін және өнім түрін көрсетумен таралық орнында таңбалау заттаңбасы болмаған.
Қазіргі таңда, анықталған кемшіліктер бойынша қима өндіруші ЖК «Молжигитова», ЖК «Мещярекова» және «Береке» азық-түлік дүкенінің меншік иесі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Мансурова И.М.»-нің жұмысына қатысты іс-шаралар жүргізу үшін Жамбыл облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хат жолданды.
Тамақ өнімдерінің таңбалау бөлігі бойынша 32 сынамада сәйкессіздік анықталды, атап айтқанда: «Конская» СБ шұжығы (өндіруші: ЖК «Мансурова И.М.», Тараз қ.), «Шах» СБ exclusive прима пісірілген-ысталған шұжығы (өндіруші: ЖК Шамахсутов Ш., Тараз қ.), «Асланбек» СБ охотничья пісірілген-ысталған шұжығы (шығу тегі белгісіз, Тараз қ.), «Сай-ко» СБ Московская, «Сай-ко» СБ жартылай қақталған халал, «Докторская халал» СБ пісірілген, «Прима» СБ жартылай қақталған мұсылмандық шұжығы (өндіруші: ЖК «Сарыбас», Тараз қ.), «Асланбек» мусульманская докторская» СБ пісірілген шұжығы (өндіруші: ЖК «Рыжибаев», Жамбыл облысы), жартылай ысталған, тоңазытылған «Краковская» СБ шұжығы (өндіруші: «Қарқын-2030» ЖШС, Түркістан облысы), құс етінен жасалған жартылай ысталған «Сервелат» мусульманский» СБ шұжығы (өндіруші: «СӨК «Берсанукаев» ЖШС, Жамбыл облысы) өнімдерінде тағам өнімінің дайындау мерзімі көрсетілмеген.
«Біздің алтын балапандар» СБ мұздатылған балапан-бройлер сирақ еті және сан еті (өндіруші: ПАО «Уральский Бройлер», РФ), «Ряба Крымская» СБ мұздатылған сирақ еті бройлер балапаны (өндіруші: «Дружба Народов Нова» АҚ, РФ), «Меркурий» СБ құрамында жұмсағы бар мультижемісті, құрамында алма шырыны бар мөлдірлетілген, құрамында жұмсағы бар апельсин шырынды сусын (өндіруші: «Производственный Холдинг «Меркурий» ЖШҚ, Ресей), «Чайная для вас» СБ шұжығы (өндіруші: «Омский бекон» АҚ, Ресей), «Богородская» СБ шұжығы (өндіруші: «Отечественный продукт» ЖШҚ, Ресей), FERRERO ROCHER СБ сүт шоколадты кәмпиттерінен (дайындаушы: Италия, импорттаушы: «Ферреро Руссия» ЖАҚ, Ресей), алкогольсіз газдалған энергетикалық «ISTANBUL» СБ сусыны (өндіруші: Турция), қабықтың қабығындағы ірімшік мұздатылған Мидии (Mytilus edulis) (Қытайда шығарылған, импорттаушы: «Истерн Сифуд» ЖШҚ, Ресей) өнімдерінде таңбалау мемлекеттік тілде көрсетілмеген.
«Помидор» прянигі (өндіруші: ЖК «AMIR», Шымкент қ.) өнімінде тағам өнімінің жарамдылық мерзімі, сақталу шарттары көрсетілмеген.
«Қайырлы таң» қант пен мейіз қосылған табандық кітірлектері (өндіруші: «Мануйлов» ЖШҚ, Ресей), «AHMAD TEА» СБ шайының жиынтығы Christmas Tree қара байхы жапырақты шәйі (өндіруші: Қытай, импорттаушы: «SDS Ecom Central Asia» ЖШС, ҚР, Алматы қ.,) және Domestos әмбебап құралы-Атлантика хош иісі (өндіруші: Ресей, ЖШҚ «Юнилевер Русь», Москва) өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.
«Докторская халал» және «Прима» мұсылмандық жартылай қақталған шұжық өнімдерінің құрамында сиыр еті бар деп жазылған (өндіруші: ЖК «Сарыбас», Тараз қ.), таңбалауға сәйкес емес, зертханалық тексеруден кейін шошқа ДНҚ-сы табылды.
«Dream» шоколад кәмпиттері (өндіруші: «Алматы кәмпиттері», Алматы облысы), КМ Шөп-шайы. КМ-бүйрекке арналған (өндіруші: «Қызыл май» ӨК, Алматы қ.), «Любо есть» майдағы аскөк қосылған «Патшалық» майшабақ жон етінің бөліктері (өндіруші: «Вичюнай – Русь» ЖШҚ, Ресей), дәмдеуіштер қосылған, бастары бар, қабықтағы пісіріліп қатырылған корольдік асшаяндар 30/40 (өндіруші: «Вичюнай – Русь» ЖШҚ, Ресей) өнімдерінде ҚР ТР қарастырылған Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген.
Физико-химиялық көрсеткіш бойынша — 6 сынамада сәйкессіздік анықталды, атап айтқанда: Ветчина «Мереке» күркетауық еті, «Обыкновенная» бірінші сұрыпты пісірілген шұжық күркетауық еті, «Қазығұрт» пісіріп ысталған күркетауық еті, «Бастау» паштеті күркетауық еті (өндіруші: «Ордабасы Құс» ЖШС, Түркістан облысы), Бройлер-балапаны (өндіруші: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, ШҚО), Бройлер-балапаны «Алель» мұздатылған 1 сорт (өндіруші: «АлельАгро» АҚ, Алматы облысы) өнімдерінен ылғалдың салмақтық үлесі нормалық көрсеткіштен асқандығы анықталды.
Қазіргі таңда, анықталған кемшіліктер бойынша қима өндірушілер ЖК «Молжигитова», ЖК «Мещярекова» және «Береке» азық-түлік дүкенінің меншік иесіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес, 75750 теңге айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 13 ұйғарым беріліп құжаттары қабылданды.
Сауда орындарындағы сатылымнан алынып, жеткізушіге кері қайтарылғаны — 1833,11 кг, бағасы 459338 теңгені құрайды. Олар:ет және ет өнімдері — 10,73кг, құс еті және құс еті өнімдері — 38,08кг, балық және балық өнімдері — 8,50кг, кондитерлік өнімдер — 1,80кг, алкогольсіз сусындар — 1774л.
Қазіргі таңда өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде талапқа сай келмейтін өнімдер бойынша жұмыстар жалғасуда.