Шымкентте 12,6 мың га алқапқа егін егілді

199
фото shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ауыл шаруашыаығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Басқарма басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрап отыр.

– 2019 жылға бекітілген егіс құрылымына сәйкес, 24,1 мың га егіс егу жоспарланып, бүгінде нақты егілген егіс көлемі 12,6 мың га алқапқа жетті. Оның ішінде негізгі дақылдар: масақты дәнді дақылдар – 4,9 мың га, майлы дақылдар – 2,4 мың га және т.б. Бүгінде жалпы сомасы 25,1 млрд теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 12,8 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығындағы 23 жоба бар, – деді басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы.

Жалпы, жыл басынан бері қалада «Шарипов ЖК» жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы – 600 млн теңге.

QAINAR KÓZshymkent.gov.kz