Úı Jańalyqtar Шымкентте аңшы иттер көрмесі өтеді

Шымкентте аңшы иттер көрмесі өтеді

13 сәуірде Түркістан облысындағы «Қансонар» Республикалық Ассоциациясының өкілдігі аңшылық иттердің көрмесін өткізеді.

Басты басымдық тазы мен төбетке беріліп, ерекше назар аударылатын болады. Конкурстық бағдарламада – иттердің алғырлығы сынға түспек.

Тіркеу 9-дан 10 :00-ге дейін өтеді. Қатысу жарнасы — 3000 теңге.
Шолу Шымкент қаласында өтеді, Қазығұрт шағынауданы, Ақжар көшесі, бұрынғы «Комсомольск көліндегі» № 86 мектептен кейін солға қарай бұрылады.

Анықтама телефондары: +7-777-096-10-00, +7-708-554-41-44, +7-707-683-57-79,+7-707-477-85-27.