«Керуендер оралады» ұранымен Шымкентте ауқымды инвестициялық- кәсіпкерлік форумы өтіп жатыр.
Басты мақсат — инвесторларды тарту арқылы Шымкенттің экономикасын көтеру және халықтың әл-ауқатын жақсарту. Шырайлы шымқаланың мүмкіндіктері мен даму жоспары жайлы жиналған қауымды әкімнің өзі таныстырды. Кездесуге қазақстандық танымал кәсіпкерлер қатысуда. Олардың бірқатары қала әкімдігі ұсынған жобаларды жүзеге асыруда ат салысуда.
Рашид Аюпов, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы: «Форумды өткізуге 27 млн. теңге кетті. Қаржы қонақтарды күтіп алуға, кешкі және түскі асы, материалдарды дайындауға және техника, іс -шараны өткізуге орынды жалдауға жұмсалды».
Айта кететін жәйт, былтыр күзде ұйымдастырылған форумның қорытындысы бойынша 42 млрд-қа келісім жасалды. Қазір «Шымкентсити»-де 62 ұйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл «Керуен оралады» атауымен ұйымдастырлған инвестициялық- кәсіпкерлік форумы аясында да тиімді келісім -шарттар түзіледі деген сенім бар дейді ұйымдастырушылар. Елімізге әйгілі компаниялардың бірі Шымкентте «Конггресс-холл»-дың құрылысынан бөлек, жаңа екі шағынуаданның құрылысын бастамақ. Шымкент сауда хабына айналмақ. Ол үшін адам ресурсы да, барлығы да бар.
Шынар Оразова