Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде өрт шықты

176

Д. Қонаев даңғылының бойындағы «Лео Клаб» ойын-сауық орталығының шатырын жалын шарпыды. Күндізгі 12:00 шамасында тұтанған өртті сөндіруге бес шақты арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің айтуынша қызыл жалын 50 шаршы метр жерді жалмаған.

Салдарынан ғимараттың шатырын бұзуға тура келді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Клубтың шатырынан шыққан түтінді алдымен көршілер көрген. Күәгерлердің айтуынша, шатырдан будақтап шыққан түтінді алдымен көрші ғимараттағы қызметкерлер байқаған.

Нұрлан Сұлтанбек