Сотта жиі қаралатын қылмыстық істер қайсы?

570

Шымкентте осы жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлыққа жол берген 12 шенеунік сотталған. Оның 9-ына айыппұл тағайындалыпты. Алайда, сотта жиі қаралатын істер тізімінде қылмыстың басқа түрі көш бастап тұр.

Әділ Керімшеев

Әділ Керімшеев, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы: «Мүлік ұрлау, тонау, сосын ауыр және орта дәрежедегі дене жарақаттары сияқты қылмыстық істер сотта көп қаралады. Қазіргі уақытта, алаяқтық істері де көптеп түсіп, қаралып жатыр».

Ал қалалық сотқа келіп түскен азаматтық істер саны да анағұрлым артып отыр. І тоқсанның өзінде, жеті мыңнан астам арыз сотта қаралған. Азаматтық шағымдардың көбеюінде тараптарды соттаспай-ақ, бітімге келтіретін кәсіби маманның тапшылығы байқалады.

Мұхтар Парменов, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «Бүгінгі таңда кәсіби медиаторлар жеткіліксіз. Облыс және қала көлемінде де кездесіп жатқан мәселе ғой. Кәсіби емес медиаторлар енді жұмысқа білімі де, тәжірибесі де жетіңкіремейді. Сондықтан, медиаторлардың бұл саладағы атқарып жатқан жұмыстары көңіл көншіте қоймайды. Бұл мәселелерді шешу мақсатында қазір қалалық сотта арнайы семинар сабақтарды ұйымдастырып жатырмыз».Айта өтетін ақпарат, Шымкент сотында қылмыстық істер бойынша қаралған 13 тұлғаға қатысты 5 сот үкімі аппеляциялық сотта бұзылған. 27 тұлғаға қатысты 23 сот үкімі өзгертілген.

Мөлдір Бекеева