Түркістан облысының дәрігерлері әлемдік әдістерді меңгеруде

115

Республикада ең алғаш болып, Түркістан облысының дәрігерлері денсаулық сақтау саласын басқарудың әлемдік әдістерін меңгеруде. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен өңірдің ақ халаттылары денсаулық сақтау менеджменті мен әлемдік стандарттарға сай тиімді, ұтымды басқарудың әдістерін үйренуге көшті.

Ең алғашқы болып бұл жаңашылылдықты Шардара аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова басқарып отырған аурухана қызметкерлері меңгере бастады.

Шардара аудандық орталық ауруханасы мен Мырзакент аудандық ауруханасының 40- қа жуық қызметкері халықаралық дәрежелі тренер, ID Group компаниясының негізін қалаушы және директоры Гүлнар Шакировадан Денсаулық сақтау менеджменті мен әлемдік стандарттарға сай тиімді әрі ұтымды басқарудың әдістерін ендірудің қыр – сырын меңгеруге кірісті.

Семинар – тренингтің басты мақсаты – заманауи талаптарға сай сапалы да қауіпсіз медициналық көмек көрсету, аурухананың бәсекеге қабілетті, беделді статусын қалыптастыру, өзіндік Бренд жасап, әрбір науқас үшін жағдай жасау, халық денсаулығын жақсарту.

«Біз үшін жүректің әрбір соғысы маңызды», «Бақытқа жетер жолда біргеміз» ұранын  желеу еткен дәрігерлер барлық жаңа бастамаларды Шардара өңірінде енгізу үшін білек сыбана кіріспек. Заман талабына сай жаңа бастаманы әрі қарай Түркістан облысындағы барлық медициналық мекемелерде өткізу көзделген.