Тәртіп сақшылары «Адалдық жолында»

192

Бүгін Қожанов көшесі, н/з үй мекен-жайда Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полкінің ғимаратында «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты рейді ұйымдастырылуда.

Шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысу жоспарлануда. Төрт күндік рейд кезінде қаладағы жол қозғалыс ережелері бойынша құқық бұзушылықтар анықталатын болады.

Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі