Тұңғыш рет егіздерге арналған ауқымды жобаның тұсауы кесілді

365

Бүгін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көзімнің ағы мен қарасындай» атты егіздерге арналған мәдени іс-шара өтті.

Қала тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан жобаға 300-ден аса егіз сыңарлар қатысып, қызыл кілемде жүріп өтті. Егіз сыңарлардың концерттік бағдарламасы көрсетіліп, егіздерді дүниеге әкелген батыр аналарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, егіз сыңарлар көп білім алатын мектептер (Е.Молдабаев, С.Сейфуллин, Арыс бастауыш, В.Комаров мектептері) марапатталды.

Жобаның мақсаты қоғамда отбасының мәртебесін арттыру, егіздердің дүниеге келуін дәріптеу, демографиялық өсімнің тәрбиелік мәнін ашу болып табылады.
Бұл күні барлық аналар мен балалардың қуанышында шек болмады.

 

QAINAR KÓZАрыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі