Жәрдемақы үшін жанталас…

391

Шымкент қаласы Абай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында ине шаншар жер жоқ. Жасы да, кәрісі де құндақтаулы сәбиі де осында. Бәрі де сол тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыға құжат өткізбек. Алайда халық мекеме қызметкерлерінің жұмысына разы емеспіз дейді.

Сәуір болғанымен шымкенттік көп балалы аналардың жағдайы тәуір болмай тұр. Жәрдемақы беру туралы жарлық жарияланғалы Абай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығындағы жағдай осы.

Әлеуметтік жәрдемақыдан дәмелі жұрт мұндағы мамандардың қызметіне көңілдері толмайды. Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге жағдай жасалмағанына наразы.

Жәрдемақыға жанталасып жатқан жас аналардың жағдайын олардың аналары ғана жасап жүр. Соның бірі – Жәмила Әшірова. Ол жүкті қызының жетегіндегі қос баласына қарайлап жүр.

Жәмила Әшірова, қала тұрғыны: «Таңертеңнен бері осындамыз. Отыратын орындық жоқ. Аяғы ауыр аналарды 5 адамнан кейін өткізуі керек қой. Кезегімізді күтуден шаршадық».

Алайда Абай аудандық әкімдігі мамандарының халыққа айтар өз уәжі бар.
Санжар Бүрлібаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары: “1000-нан астам адамға кеңес беріліп жатыр. солардың 500-нің құжаты қабылданады. Бүгін дүйсенбі халық әдеттегіден 1,5 есе көп. Аяғы ауыр аналарға бөлек үстел қарастырылған”.

 

Айжан Ермекқызы