Жайылымнан мал жымқырғандар құрықталды

248

Мал ұрлығының түнгі жедел-алдын алу мен ескерту шаралары аясында Арыс-Шардара тас жолының бойында Арыс АПБ-нің полиция аға сержанты, патрульді полицияның командирі Бекжан Мамақов екі әріптесімен бірге мал артып алған «Газель» автокөлігін тоқтатады.

Автокөлікті тексеру кезінде оның жүргізушісі мен екі жолаушысы артып алған ірі қара малдың ешбір құжатын көрсете алмаған. Белгілі болғандай олар 5 сиырдың қараусыз жүргенін пайдаланып, бос жайылымнан жымқырған. Соңында, тәртіп сақшылары малының жоғалғанын байқамаған жергілікті тұрғынға малдарын тапсырды.

Тергеушілер 3 күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, жәбірленушінің ұрыларды кешіргенінен кейін істі өндірістен тоқтатқан.

Түркістан облысының полицейлері малдарға мүмкіндігінше қойшы немесе бақташы жалдап, ен мен таңба салып ұрылардан сақтанып жүру керектігін ескертеді.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі