Жастар жемқорлыққа қарсы

239

Шымкенттік студенттер жемқорлыққа қарсы. Бүгін №6 колледж ұжымы жастармен басқасу өткізіп, қоғамның қауіпті дертін жою тақырыбында ой бөлісті. Жиын Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асқан.

Кәсіптік және техникалық оқу орнының студенттері де сыбайлас жемқорлықтың салдары мен зиянын жан-жақты талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Жастар жең ұшынан жалғасқан жемқорлық ел дамуын тежеп, ертеңгі буынның санасын улайды дейді.

Мамырбек Інжу, студент: «Біз Қазақстанның болашағымыз. Болашақта жұмысқа тұрғанда, мемлекеттік кезектерде, құжат тапсыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты қолдамаймын және оны өзге де адамдардан талап етемін. Себебі, сыбайлас жемқорлық өзімізге де, еліміздің экономикасына да тигізетін зияны көп».

Айя Мүтәлі