Жеңіл өнеркәсіпке жіті көңіл бөлінбек

167

Кезінде «Восход» тігін фабрикасымен атағы алысқа кеткен Шымкентте алдағы уақытта жеңіл өнеркәсіпті өркендету міндеті тұр. Бүгінде қалалық әкімдіктегілер саланы сауықтыру үшін түрлі жолдарын қарастыруда. Осы мәселеге орай, қала әкімінің орынбасары Данат Жумин facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

«Кезінде Шымкент қаласында ірі бір текстильдік өндіріс болған еді. «Ютекс» және «Меланж» фабрикаларында 800-ге жуық қызметкер жұмыс істеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бірнеше жыл бұрын бұл өндіріс тоқтап қалды. Қазіргі таңда оның мүлігі «Қазақстан Инвестициялық Қорының» меншігінде. Бүгін біз қала әкімімен бірге текстильдік өндірісті барып көрдік… Жағдайы керемет деп айта алмаймын. Кейбір өндірістік орындары да, жабдықтары да тозығы жеткен сияқты… Алайда, өндірісті қалпына келтіруге мүмкіншілектер әлі де бар. Бұл үшін қаражатты ғана емес, текстиль саласында мол тәжірибесі бар инвесторларды да тартуымыз керек. Бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз», делінген жазбада.