ЕАЭО мүше елдер үшін мемлекеттік сатып алуларға шектеу қойылады

110

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларға 2 жылға шектеу қойылады. Нақтырақ айтсақ, бұл заңнама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тікелей қатысты.

Яғни, бұл тізімге жөңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі және машинақұрастыру бизнесімен айналысатын шетелдік өндірушілер кіреді. Қабылданған құжат отандық өндірушілерді қолдауға, жұмыс орындарын сақтауға, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бизнес өкілдері жоғарыда атап өткен салалардан басқасына отандық өндірушілермен тең дәрежеде қатыса алады.

Шынар Оразова