Бүгін — халықаралық отбасы күні. Атаулы күнге орай Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Аналар үйіндегі» бөбектер мен аналарына сыйлықтар үлестіріп берді.
Қазір бұл жерді қиын жағдайға тап болған 7 азаматша баласымен бірге паналап отыр. Барлығыда жас қыздар. Жалғыз басты ана атанғандардың басым бөлігі алданып қалғандар.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары аналарға дәрілік заттар мен балаларға ойыншықтар, жөргектер, басқа да керек-жарақтар апарып берді. Шымкент қаласындағы «Ана үйінің» үйлестірушісінің айтуынша, соңғы бес жылда мұнда 200-ден аса жалғыз басты анаға көмек көрсетілген.
Лаура Нақыпқызы