Úı Jańalyqtar Кентауда қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады

Кентауда қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады

Түркістан облысы Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында мәлім болды.

ҚР Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Келісім негізінде қуаттылығы 200 мВт болатын жел электр стансасы мен күн электр стансасын салынады.

Жобаның жалпы құны — 225 млрд. АҚШ доллары. Электр станса Кентау қаласының Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.