Түркістан қаласының дәрігерлері белгісіз химиялық сұйықтықтан уланып қалған екі жарым жасар қыз баланы аман алып қалды. Қалалық жедел жәрдем қызметіне 12 мамыр күні сағат 15:28-де Түркістан қаласының тұрғыны хабарласып 2016 жылы туған қызының химиялық сұйықтықты ішіп қойғаны туралы айтқан.
Шақырту бойынша жеті минутта жеткен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
«Жедел жәрдем қызметі хаттамаға сай алғашқы ем — домын жасаған. Ата-анасының сөзіне қарағанда бала белгісіз сұйықтықты ішіп қойған. Қалай аталатынын өздері де білмейді. Химиялық сұйықтық құйылған құтының сыртындағы аты жазылған наклейкасы да жыртылып қалған екен. Бүлдіршін облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген «-деп мәлімдеді дәрігерлер.
Жанар Есенбекова