Түркістан облыстық сайлау комиссиясы 9-шы маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дайындық жұмыстарын бастап кеткен.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, Түркістан облысында 889 учаскелердің жабдықталуы, комиссия мүшелерін оқыту шаралары қолға алынған. Биылғы сайлаудың ерекшелігі халықаралық талаптарға сәйкес өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысу құқығын қамту бойынша жұмыс жүргізілді.
Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Түркістан облысында 1 млн. 18 мың сайлаушының 67 мыңы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Олардың 65-і өздері сайлау учаскелеріне барып, дауыс береді. Олардың жүріп тұруына пандустар қарастырылды. Төсекке таңылғандарға комиссия мүшелері өздері «сайлау жәшігін» ала барады».
Шынар Оразова