Мақтааралдың төтенше жағдайлар бөлімі жаңа техникалармен толықты

252

Түркістан обылысының төтенше жағдайлар департементі тарапынан Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөліміне «Камаз АЦ-8-70» маркалы өрт сөндіру көлігі және аудан әкімдігі тарапынан МП-80 маркалы 6 дана мотопомпалар берілді. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы міндетін атқарушы Ғалым Джумадиллов хабарлады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, табиғи және өзге апаттар жайында дер кезінде хабарлап, оның алдын алуда төтенше жағдай қызметіне артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр. Сондықтан, бұл саланы соңғы үлгідегі құтқару құралдар-жабдықтарымен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл мәселені жергілікті атқарушы билік үнемі назарда ұстап келеді.

 

QAINAR KÓZМақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі