Шымкентте балалар кардиологиялық орталығы ашылмақ

316

Болашақтағы жоспар туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов еліміздің бас кардиохирургі Юрий Пямен өткен кездесуде мәлім етті. Қала басшысы мен білікті дәрігер екі жақты келісім жасап, халық саны көбейіп келе жатқан мегаполисте балаларға арналған кардиологиялық орталықтың қажеттігі туралы сөз етті.

Айта кетейік, жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға Шымкентетгі кардиологиялық орталықта медициналық қызмет көрсетілсе, 18 жасқа дейінгі балалар Нұр-Сұлтан қаласына барып ем алады. Қалада жаңа кардиологиялық орталық ашылса, науқас балалар алысқа сабылмай ақ осында ем алатын болады дейді басшылар.

Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басшысы : «Жылдан жылға оңтүстік өңірінде туылатын балалар саны көбейіп келеді.Өкініштісі сол, туа бітті ауруға шалдыққан балалардың саны көбейіп келе жатқандықтан, санавияциялық қызметпен қаладан республикалық орталыққа жеткізілетін кішкентай пациенттер жетерлік. Шымкентте мықты кардиологиялық мамандар жетерлік. Сондықтан менің ойымша мұнда балалар кардиохирургиясын ашып, жүрек ахауына шалдыққан науқас балалардың дерттін ерте бастан емдеу қажет.

Лаура Нақыпқызы