Шымкенттің миллионыншы тұрғыны бүгін 1 жасқа толды. Өткен жылдың 17 мамырында дүние есігін ашқан сәби қала тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағаны сөзсіз. Себебі, Шымкент ресми түрде мегаполис статусына ие болған еді.
Тарихи күні бойы — 54см, салмағы — 3100 грамм Айсұлу Ерман өмірге келді. Бүгінде тәй-тәй басқан бөбектің салмағы — 10 келі, бойы — 75 см-ге жеткен.
Ол жас отбасының тұңғыш перзенті. Әкесі медицина саласында қызмет етеді. Айта кету керек, Шымкенттің миллиондық қала болуына үлес қосқан жас отбасыға былтыр екі бөлмелі пәтердің кілті табысталған еді.
Айя Мүтәлі