Түркістан облысының судьялары жұмыс күнін жаттығумен бастайтын болды

325

Бүгіннен бастап Түркістан облысының судьялары жұмыс күнін бірге спорттық жаттығу жасаудан бастайтын болды. Бүгін таңертең сағат 08:30-да Түркістан қаласындағы мамандандырылған соттардың ғимаратының ауласында сот қызметкерлері таңғы жаттығу жасады.

Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Түркістан облыстық филиалы қолға алып отыр. Спорттық іс-шараға Судьялар Одағының мүшелері, яғни Түркістан қаласында орналасқан мамандандырылған соттар және Түркістан қалалық сотының судьялары мен қызметкерлері қатысты. Сот қызметкерлері әр жұмыс күні таңертең бұл бастама жалғасын табатын болады дейді.

Жанар Есенбекова