Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың біріңғай тізілімі» пилоттық жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап әкімшілік іс жүргізуді цифрландыру шеңберінде патрульдік полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамаларды толтыру 100 пайыз электрондық форматқа көшірілген.
Бірақ Шымкенттің тәртіп сақшылары әкімшілік сотқа жеткізілетін істер бойынша әлі де баяғы тәсілмен қағаз жүзінде хаттамаларды арқалап жеткізіп жүр. Сондай-ақ, қалалық полицейлердің қолданысына бүгінгі күні 1427 планшет берілген болса, мәліметті басып шығаратын құрылғының саны 25 данасы ғана қолданыста.
Осындай проблемалардың салдарынан аталған жоба әлі күнге дейін үшінші мегаполисте ақсандап тұр. Дөңгелек үстел аясында тараптар істі сотқа жолдау немесе істі сотта қарау барысында туындайтын мәселелер мен талаптар бойынша дөңгелек үстелде бас қосып, талқылап аталған жобаны іске асыру мақсатында бірлесе жұмыс атқаруға бел буды.
Ернар Балабеков