Темірлан тас жолының бойындағы үлкен жол айырығының екінші кезеңі басталды. Бұл жолы мердігерлер көпір үстіндегі оң және сол жақ 4 өткелді салады.
Жолдың ені 18, ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жер жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің айтуынша жолдың құрылысы үшін бюджетен 845 млн. теңге қаражат бөлінген.
Естеріңізге салар болсақ, «Бекжан» базары маңындағы шаһардың алғашқы жолайырығы өткен жылы қолданысқа берілген еді және оның құрылысы үшін 1,7 млрд. теңге қаражат жұмсалды. Құрылыстың екінші кезеңі қолданысқа берілсе кез — келген төрт бағыт бойынша көлік қозғалысы оңтайланады.
Нұрлан Күдерұлы