Сауда секторында қызмет ететін азаматтарға жағдай жасалмаса жақын арада олар жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Тағы бір күрделілік, мектеп түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған жобалардың шикілігі Парламент Мәжісінің пленарлық отырысында талқыланды.

Сауда саласындағы қызмет түрінің 25 пайызы электрондық жүйеге өтсе, 300 мыңға жуық жеке кәсіпкер жұмыссыз қалмақ. Ресей Федерациясында аталған сала қызметкерлері бүгінде патент негізінде 6 пайыздық салық мөлшерлемесімен қызмет етуде. Жаппай қысқартуларды болдырмау мақсатында осы тәжірбиені қолдансақ қалай болмақ?

Екатерина Никитинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Осы мәселені шешу қаржы және Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылса деген «Ақ жол» партиясының ұсынысы бар. Ұсақ кәсіпорындар үшін қолданыстағы патенттердің мерзімі ұзартылса».

Ал Айқын Қоңыров мектеп бітірушілерін мамандық игеруге оқытуға бағытталған жобалардың шикілігін айтып дабыл қағуда.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Биыл мектепті мыңдаған оқушылар бітіреді. Олардың жаңа мамандық игеруге тегін білім алуы бойынша қолданыстағы жобалар жүзеге аспады. Игі бастама ұрандатып жаппай құбылыс ретінде өтіп өзінің мақсатына жете алмады. 600 мыңға жуық жас қамтылды, алайда сапа жоқ. Еңбек нарығы толық зерттелмеді».

«Осы және пленарлық Мәжілісте көтерілген өзге мәселелер назардан тыс қалмайды Олардың барлығы бойынша сала министрліктеріне тапсырма жіберіледі» деп сендірді әріптестерін Нұрлан Нығматуллин.

Шынар Оразова