Қала әкімі ораза айт мейрамымен құттықтады

339

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерді Ораза айт мейрамымен құттықтады. Шаһардың орталық мешітіндегі Айт намазына қатысқан қала басшысы шым қалалықтарға береке мен бірлік тіледі.

30 күн оразасын ұстаған ел үшін Ораза айт ерекше күн. Бұл күні бес парыздың бірін орындаған мұсылмандар үшін татуласу мерекесі. Айт намазымен басталатын мейрам адамдардың бір бірінің үйіне қонаққа барып, ізгі тілек білдірумен жалғасады.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Құрметті бауырлар, қасиетті айдың сауапқа толы күндері аяқталды. Рамазанда иманымызды күшейттік, құлшылыққа көңіл бөлдік. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақамызды, барша игі амалымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Баршаңызды Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Келесі Рамазанға аман-есен жете берейік».

Назерке Үкібасова