Үздік 3 жобаға 1 пайызбен кепілсіз несие берілмек

293

2019 жыл – Жастар жылы. Демек, биыл жас таланттар үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Енді ерекше жоба ұсынып, кәсібін өрге домалатқысы келгендер 1 пайызбен кепілсіз 2 млн теңгеге дейін қол жеткізе алады. Игі жобаны Жастар ресуртық орталығының көмегімен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырмақ. Осы бастама арқылы өңірдегі үздік деген 50 жобаға қолдау көрсету жоспарланған. Ол қандай жобалар?

2019 жылдың басынан бастау алған игі жоба 1 пайызбен ешқандай кепілдіксіз 5 жылға дейін беріледі.Оған 18-29 жасқа дейінгі өз бизнесін ашуды мақсат еткен жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі және студенттер қатыса алады. Айта өту керек, бұл грант егін, мал шаруашылығымен айналысатындарға берілмейді.

Азат Сұлтан – Жастар рестурстық орталығының кәсіпкерлік саласы бойынша кеңесшісі: «Жаңа инновациялық, техникалық проектілерге беріледі. Мысалы, тігін цехы, мойка, пекарный сондай проектілерге беріледі. Бүгінгі таңда «Ырыс» микроқаржы ұйымына 10 жоба ұсынылып, соның ішінен 5 жобаға комиссияға ұсынылды. Оның ішінен 3 жоба мақұлданды».

Ал, қажетті құжаттарды дайындап, бизнес жоспарыңызды құруға жастарға қызмет көрсету орталығы көмектеседі. Кәсіпкерлікті оқыды деген сертификатты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан бар жоғы екі күн ішінде тегін оқып ала аласыз. Нәтижесінде старт-ап жобаңыз 15 күн ішінде қаралып, анықталады. Үздік деп тапқан жағдайда жоба жетекшілері жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 1 пайыздан аспайтын 2 млн теңгеге дейін қаражатқа ие болады. Бағдарламаға қатысып, жеңімпаз атанғандардың бірі – 22 жастағы Ерсұлтан. Бүгінде ол Шымкент университетіндегі агрономия мамандығының 3 курс студенті.

Ерсұлтан Әбдіраман – грант иегері: «Стартаперларға жобамызды ұсындық. Біздің преокт оңтүстікте жоқ проект. Бұл 100 пайыз табиғи өнімді өндіру».
Бағдарлама негізінде 1-ші кезең бойынша үздік деп танылған 3 жобаға 2 млн кредит берілмек. Ал, қалған стартап жобаларды жыл соңына дейін толығымен игеріп, қаржыландыру жоспарлануда.

 

QAINAR KÓZМақтаарал жастар ресурстық орталығы