Үздік бизнес идеяңыз үшін 200 мың теңге ұтып алыңыз

280
Үздік бизнес идеяңыз үшін 200 мың теңге ұтып алыңыз

Ең үздік бизнес идея үшін – 200 мың теңге. Облыста жастар арасында «Инновэйшн» стартап жобалар байқауы жарияланды.

Үздік бизнес идеяңыз үшін 200 мың теңге ұтып алыңыз

Кәсіпкерлікке бет бұрып келе жатқан жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға бүгіннен бастап жұмыстар ұсынса болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 200 мың теңге. Идеялар марафонында үздік деп танылған 10 жоба қаржылық қолдауға ие болады.

Ұйымдастырушылар облыс экономикасының дамуында маңызды деген жобаларға басымдық беріледі деп отыр. Жеңімпаздар алдағы уақытта жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік қолдауларды иеленуге мүмкіндік алатын болады.

Береке Дүйсебеков, ОҚО кәсіпкерлер мектебінің директоры: «Былтыр «Өркен Стартап» жастар жобасы аясында 5 мың жасты қамтыдық. Бұл жолы 200-ден аса жас кәсіпкер қатысады деп күтілуде. Біз тың жоба иегерлерін алдағы уақытта қаржылай қолдауға, бизнес-жоспар жасауына көмектесеміз.»