30 МИНУТТА БАСПАНА

230

Арманыңызға бір қадам жақындай түсуіңізге «Банк ЦентрКредит» банкі көмектеседі. Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болған 256 адамның басым көпшілігі осы банк арқылы пәтерлі болған. Менеджерлер мұны банктің шешім қабылдауда уақыт оздырмайтынымен байланыстырады. Айтуларынша, бағдарламаға қатысу өтінішіңіз 25-30 минутта қаралады екен.

1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЛҒАН

Банктің бөлшекті бизнес офисінің басқарушысы Дәурен Исламовтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы қазақстан-дықтардың баспана мәселесін шешудегі ең тиімді әрі оңтайлы жолы. Бұл үшін бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымынан – 1 триллион теңге қаралған.
– Бұған дейін баспананы несиеге рәсімдеуде екінші деңгейлі банктерде алғашқы жарна – 30 пайыз, ал пайыздық үлес 14-15% болатын. Кейбір банктер 24 пайызбен ресімдейтін. Ал бұл бағдарламада алғашқы жарна – 20%. Ипотекалық қарыз жылына 7% үстемемен 25 жылға беріледі. Бірақ, бұл дегеніміз несиені 25 жыл бойы төлеу керек дегенді білдірмейді. Қалауыңызша, несиені 10-15 жылға рәсімдесеңіз де болады. Ақшаңыз болса, 3-4 жылда да жауып тастасаңыз да құптарлық. Бұл клиенттің өзіне де жақсы. Жылдық пайыздары қысқарады, – дейді Дәурен Исламов.

Бүгінгі таңда бағдарламаның осы шарттарын оңтайлы көрген 480 шымкенттік баспаналы болуы үшін өтініш білдірген. Әзірге солардың 256-сы «7-20-25» бағдарламасы аясында пәтерлі болыпты.

ЖАУАПТЫ 30 МИНУТТА АЛАСЫЗ!

– Бағдарлама іске қосылғалы біздің банкке келетін жанның қарасы көбейген. Барлығы да тиімді шартпен баспаналы болғысы келеді. Мәселен, аталмыш бағдарлама аясында пәтерлі болған 256 адамның жартысынан көбі, дәлірегі 103 жан өз баспанасын біздің банк арқылы несиеге рәсімдеген. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де, жеке кәсіпкерлер де, мұғалімдер де бар,- дейді банк қызметкері Дәурен Исламов.

Ең бастысы:
– ҚР азаматы болу керек;
– Ипотекалық қарыз болмауы керек;
– Сол күнге иелігінде мүлік болмауы керек;
– Төлем қабілеттілігін растауы керек.

Оның сөзінше, халық таңдауының осы банкке түсуінің де өз себебі бар. Сол өтінімді қарастыру мерзімінің тездігінде. Басқа банктер жауапты 3 күнде берсе, «Банк ЦентрКредит»-ке 30 минут-ақ қажет.
Банк қызметкерінің бұл ақпаратын біз де тексеріп көрдік. Мысалы, қалада осы бағдарлама аясында сатуға шығарылған 39,5 ш/м 1 бөлмелі пәтерлерді таңдайық. Құны шамамен 8 247 600 теңге болсын. Алғашқы 20 пайыз жарнасы – 1 649 520 теңгені құрайды. Қалған 6 598 080 теңге несие соммасын 25 жылға бөлсек, ай сайынғы төлем 46455 теңгеден түседі екен. 25 жыл бойы ай сайын осы сомманы банкке төлеп отыру керек.
Ескерту: аталған бағдарлама аясында несие 3 айдан 300 айға дейін рәсімделеді.
Жоғарыда айтқандай несиені 25 жылға ресімдеу міндетті емес. Несие мерзімін өз жағдайыңызға қарай өзгерте аласыз. Мәселен біздің жағдайда:

5 жылға – 130149 теңге;
10 жылға – 76315 теңге;
15 жылға – 59078 теңге;
20 жылға – 50958 теңге ай сайын төлеп отыру керек.

Үй таңдалды. Ай сайынғы төлемі де белгілі. Ендігі жұмыс банк менеджерлерінің құзырында. Құжатымызды өткізіп 30 минут күту ғана қалды. Дегенмен, Дәурен Исламов айтқандай, жарты сағат күтпедік, жауап 15 минутта келді. Табысымыздың мөлшері ең төменгі жалақыдан (42 500тг) сәл-ақ көп болғандықтан, банк біздің өтінішімізді кері қайтарыпты.

ЖАЛАҚЫСЫ 100000 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАУЫ КЕРЕК

Банк менеджері мұндай жағдаймен жиі ұшырасатындарын айтады. Себебі, халықтың көбісінің жалақысы мардымсыз.
– Бұл бағдарлама аясында үйлі болу үшін жалақыңыз кемінде 100 мың теңге болуы керек. Әрине, таңдаған пәтер құнына байланысты болады. Мәселен, егер сіз 8 млн теңгелік пәтер таңдасаңыз, онда жалақыңыз 113 мың, егер 20 млн теңге болса, 350 мың табыс тапқаныңыз жөн. Ескеретін жайт, несиені есептегенде, менеджерлер сіздің табысыңыздан әр бала үшін 18 мың теңге, ересек адам үшін 30 мың теңге жалпы шығындарды алып тастайды. Содан қалған сомма пәтер ақысын төлеуге жетуі керек,- дейді банк қызметкері.
Ал табасыңыз жетпесе, мәселен біздің жағдайда жаныңызға – «қосалқы қарыз алушы» («созаемщик») алуға болды. Жолдасыңызды немесе жақын бір туысыңыз сізге кепілгер бола алады.

ПӘТЕР ҚҰНЫ 25 МЛН АСПАУЫ КЕРЕК

Банк қызметкері бұл бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы барын айтады. Сөзінше, «7-20-25» бағдарламасымен тұрғын үйді еліміздің кез келген қаласынан сатып алуға болады. Ең бастысы сатып алу үшін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында баспана құнының ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлерде – 15 млн теңгеден аспауы керек.
Ипотекалық займды Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ала алады. Ең басты шарт – сол уақытта адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Және кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс.

– 6 айлық зейнетақы аударымдары тексеріледі. Сол аударымдардың арасында үзіліс болмауы керек. Сондықтан да жұмыс орныңыздың сіздің аударымдарды дер кезінде, ай сайын аударылуын қадағалаңыз. Бұдан бөлек несие тарихының да рөлі зор. Несиесін кешіктіріп төлеген азаматтарға «отказ» келеді. Дегенмен, кей жағдайда мұндай азаматтарға да оң шешім келіп жатады. Барлығы да несие тарихына, сомасына, несиені өтеген мерзіміне байланысты,- дейді Дәурен Исламов.

Мәселен, кейіпкеріміз – Мейіржан жұмыс істейді. Ай сайын жалақысы жүріп тұр. Бірақ, жұмыс орны соңғы 4 айда зейнетақы аударымдарын жасамапты. Сондықтан банк оның өтінішін бүгін кері қайтарыпты. Енді ол зейнетақы аударымдары толық жасалған соң 1 айдан кейін қайта бағын сынап көрмек.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

«7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болу өте тиімді. Банк өкілдерінің айтуынша, банк тарапынан ешқандай комиссия және сақтандыру ақысы алынбайды. Пәтер құнының нақты өзі есептеледі. Ал бағдарлама бойынша емес, үйді ипотекаға рәсімдесеңіз әр банктің өз пайызы, комиссиялық алымдар, сақтандыру құны қосылады. Бұл тиімсіз. Сондықтан да «7-20-25» бағдарламасымен ресімдеу әлде қайда тиімді. Егер банк сіздің төлем қабілетіңізді растаса, онда міндетті түрде тәуелсіз сарыпшыларға баруыңыз керек. Пәтер жайлы өз қорытындысын банкке жібереді. Тек соның негізінде ғана несие рәсімделеді.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ