Арыс қаласында жұмыс істеген өрт сөндірушілер елді сүйсіндірді

188

Әлеуметтік желіде Арыстағы жарылыстардан кейін тұтанған өрттермен арпалысқан құтқарушылардың еденде демалып жатқан суреті тарады. Фотоларды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Өрт сөндірушілердің алдында басымды иемін. Олар өмірлерін тәуекелге байлай отырып, күні бойы Арыста өрт сөндірді, қирандыларды аршып, тұрғындарды эвакуациялады. Түнде оларға қауіпсіз жерге қонатын жер ұйымдастырылды. Ал олар штабта, спорт зал еденінді ұйықтап қалды. Таңертең  әскери бөлімше аумағынан басқа қаланың барлық жеріндегі өрт сөндірілді. Нағыз батырлар»,  – деп жазды ол.