Арыста үй тонаған ұрылар ұсталды

285

Арыстағы елді дүрліктірген төтенше жағдайды өз пайдасына жаратып қалмақты көздегендер қолға түсті. Ел бас қайғы болып жатқанда қалта қамын ойлағандар жайлы Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында баяндады.

«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған», — деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.