«Молданазар» тобы – Шымкентте

356

Елімізде ерекше жанрда ән шырқайтын «Молданазар» тобы Шымкент қаласындағы «ATLAS» мейрамxанасында кезекті концертін берді. Концертте көбіне әнді жанды дауыста тыңдағанды ұнататын әнсүйер қауым жиналды. Ал жанды дауыста ән айту топтың ең басты қағидасы.

Топтың солисті Ғалымжан Молданазардың айтуынша Қазақстанның басқа қалаларында да концерт беру жоспарда бар екен. «Біз Қазақстанның бұрын болмаған жерлерінде концерт беретін боламыз», – деді Ғалымжан Молданазар.

Үшінші мегаполисте «Молданазар» тобының жанкүйерлері көп екен. Мейрамxана лық толы болды. Ғалымжан Шымкент қаласының тұрғындарын мегаполистің алдағы туған күнімен құттықтады.

«Шымкент тұрғындарын келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Тек алға, дами беріңіздер»,- деді Ғалымжан Молданазар. Айта кетейік, 19 маусым Шымкент қаласының туған күні.

Олжас Айдарбек