«ATLAS» мейрамханасы жаңа ас мәзірімен қуантуда

829

Тағамды талғап тұтынатындар мен итальян тағамдарын ұнататындарға сүйінші хабарымыз бар. «ATLAS» мейрамханасында атағы алысқа кеткен бас аспаз Джорджио Плаццидің жаңа ас мәзірінің тұсаукесері өтті.

Дәмі таңдайыңнан кетпейтін тағам жасаудың кәсіби шебері төлнұсқалық италияндық тағамдар өз келушілерін күтеді. Аса ыждағаттылықпен ас дайындайтын аспаздың шеберлігіне тәнті болғандар көп.

Пицца, томат тұздықты паста, етті, көкөністі, саңырауқұлақ, ірімшік, балық, кілегейлі тұздық теңіз өнімдерімен. Атақты бас аспаздың сиқырлы саусақтарымен дайындалған әлемде баламасы жоқ грек салаты. «ATLAS» мейрамханасы итальян тағамдарынан жаңа мәзірін жасақтады. «Pomodoro» мейрамханасының негізін қалаушы әрі бас аспазы, тәжірибелі, жоғары марапат иесі, мейрамханаға келушілерді өзінің бармақ жалап жейтін аса дәмді тағамдарымен таң қалдырмақ.

Джорджио Палацци, бас аспаз: «Шымкенттік қонақтар өте талапшыл әрі талғампаз, Қазақстанда етті тамаққа өте жиі пайдаланатынын білемін, сондықтан да жаңаша мәзір жасап шықтым. Мұнда ет, балық, сорпа, паста, пицца бар. Мұның барлығы да табиғи өнімдерден жасалған, ешқандай қоспасыз. Маған қонақтардың риза болғаны маңызды. Олардың таңертеңгілік асты, түстікті, кешкілік тамақты тапсырғаны маңызды емес. Бастысы қонақ риза болса болғаны. Қош келіпсіздер!».

«ATLAS» мейрамханасы жаңа ас мәзірімен қуантуда

Итальяндық тағамдарды сүйсініп жейтін әуескер Әйгерім Қадырқұлова бұл жаңалықты естіп «Атлас» мейрамханасына достарымен келуді жөн көріпті. Ғажап, дәмді, бастамасы керемет. Бас аспаз Джорджио Палацци қонақтардың алдына өзі шығып әр тағамын өзі ұсынды.

Әйгерім Қадырқұлова: «Атлас» мейрамханасына Италиядан жаңа аспаз келгенін ғаламтордан оқып білдім. Осында келіп керемет дәмді тағамдардан ауыз тиейін дедім. Расында да кәсіби нағыз талантты аспаздың қолынан шыққан тағамдар аса дәмді екен. Италияға барғандай сезіндім өзімді».

«Атлас» мейрамханасындағы италияндық мәзір өзіндік әртүрлілігімен сондай ақ, қолжетімді бағамен де келушілерді таңдандырып отыр. Теңіз өнімдерінен жасалған, пицца, сорпалар, паста, ірімшіктің ондаған түрі, сансыз тоқбасарлар. Мұнымен де тоқтап қалмайды. Джорджио Палацци шымкенттіктерді және қала қонақтарын өзінің асты ұсыну мәнерімен және асқан дәмділігімен қуантпақ.

Дәмі тіл үйіретін тағамдар әлемінде тағы бір жұлдыз жанды. Бармағынан бал тамған аспаздың қолынан шыққан тағамның дәмін татып көруге асығыңыздар!

«ATLAS» мейрамханасы жаңа ас мәзірімен қуантуда

«ATLAS» мейрамханасы Төреқұлов к., 15. Анықтама үшін телефон: 8-701-014-22-22.