Облыс әкімі халықаралық бақылаушылармен кездесті

124
Облыс әкімі халықаралық бақылаушылармен кездесті

Түркістан облысына ҚР Президенті сайлауына байланысты ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар келді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық бақылаушылар – Алтынбек Мамаюсупов пен Суяржон Машарифовичпен арнайы кездесті. Кездесу барысында қос тарап та сайлау науқанының әділетті әрі ашық өтуіне мүдделі екендерін жеткізді.

Сайлау учаскелерінің жұмысын көрген ТүрікПа Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов науқан әділетті әрі айқын өткізіліп жатқанын айтты.

«ҚР Президенті сайлау науқанын қадағалау үшін келдік. Түркістан облысында сайлау науқаны жоғары деңгейде өткізілуде. Өңір тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр. Саяси науқан жауапкершілікпен атқарылатынына сенімім мол. Әрбір сәт мұқият қадағалануда. Дауыс берушілердің қарасы өте көп әрі белсенділігі жоғары екен. Бұл – қуантарлық жайт», – деді ТүрікПа Бас хатшысы А. Мамаюсупов.

Облыс әкімі халықаралық бақылаушылармен кездесті

Облыс басшысы халықаралық бақылаушыларға саяси додаға атсалысқандары үшін алғыс айтты. Өзі де тұрғындармен бірге дауыс бергенін айтып, сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын жеткізді.

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі