Шымкент прокурорлары бөбектерге мереке сыйлады

414

Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Қаладағы бөбектер үйінің тәрбиеленушілеріне прокурорлар көз қуантар сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етті. Төрткүл дүниенің балақайларын шаттыққа бөлейтін бұл мерекеде мейірім мен жан жылуына сусаған бүлдіршіндерге прокурорлар қамқорлық танытты.

Әсем көйлек, әдемі ойыншық, түрлі тәттіге толы базарлыққа қуанған бөбектердің жүздері бал – бұл жанды. Қайырымдылық пен ізгілікті насихаттайтын игі істерді Шымкент қаласы прокуратурасы жалғастыра бермек.

Жанар Есенбекова