Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов өз атынан арыстықтарға 10 млн. теңге аударды.

216

Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов өз атынан арыстықтарға 10 млн. теңге аударды.

«Құрметті Шымкент каласының және Түркістан облысы азаматтары, кәсіпкерлері!

Бугінгі Арыс қаласында болған жағдайға байланысты, Шымкент каласы Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы қарамағында қаржылай көмек көрсету Фонды ашылды.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға және зардап шеккендер мен көшірілген қала тұрғындарына көмек көрсету қажеттілігіне байланысты мен өз атымнан 10.000.000 теңге бөлу туралы шешім қабылдадым.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өңірімізде болған осындай қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз атсалысып көмектесуге келіңіздер!», деп үндеу тастады Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов.