Сот заңсыз жұмыстан босатылған әскери қызметшінің құқығын қалпына келтірді

290

Талап қоюшы «А» еңбек шарты негізінде ҚР ҰҚК ҰШҚ әскери бөлімдерінің бірінде саптық және кадрлар бөлімшесінің штаттан тыс іс жүргізу бойынша инженер лауазымында қызмет атқарған.

Әскери бөлім командирінің 14.12.2018 ж. бұйрығымен «А», Еңбек Кодексінің 49 бабы 3 бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыстан босатылған.

«А» жұмыстан босатылғанына келіспей, сотқа бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы талап арызбен жүгінген.

Еңбек Кодексінің 53 бабының, 2 бөлігіне сәйкес, еңбек шарты осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші он бес жұмыс күні бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционалды түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетуге міндетті – делінген.

Сот талқылауында жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруға негіздер расталмағаны анықталды, сонымен қатар, талап қоюшы «А» еңбек келісім-шартын бұзу туралы жазбаша түрде хабарланбаған, сондықтан ол заңсыз жұмыстан шығарылды.

Сот шешімімен талап қоюшы «А»-ның әскери бөліміне берген талап арызы қанағаттандырылып, 14.12.2018 ж. лауазымынан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі