Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

309

Бүгін Арыс қаласының тұрғындары өз үйлеріне қайтуда. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда.

Яғни, арыстықтарды аман — есен үйіне оралуына жағдайын жасап, шығарып салуға көмектесуде. Шымкент қаласында орналасқан барлық эвакуациялық бекетте шымкенттік полицейлер жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.