Түркістан облысы полицейлері Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетуде

189

Арыс қаласының 60-қа жуық тұрғыны Түркістан қаласындағы С.Ерубаев атындағы мектеп-интернатқа жеткізілді.

Полицейлер, прокурорлар және қарапайым тұрғындар жәбірленушілерге қолдан келген көмегін беруде. Яғни таза су, азық-түлік және бақшалық өнімдер мен жеміс-жидектер апарып, жәбірленуші Арыстық тұрғындарға палау дайындауда.

Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алған. Арыс қаласына тәртіпті қадағалау үшін 300-ден астам полицейлер жіберілді.

 

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі