Тоқаев митинг туралы: Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет

249

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерде ұсталғандарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет» деп жазылған Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.