Жат елден «жұмақ» іздеп, жолда қалғандар…

241

Бүгінде көші қонға қатысты күрмеуі кертілуі тиіс мәселелер көп. Әсіресе жат елге жұмыс іздеп барып, далада қалып кеткен азаматтар көп. Олардың отанына қайта оралуы да оңай емес. Дер кезінде қол ұшын беріп, жол көрсетіп, жөн сілтеген қайырымды адамдардың арқасында олар қиындықтан құтылып, өз елдеріне оралған. Осындай оқиғаны бастан кешіргендердің әңгімесіне құлақ түрелік…

Көптеген оқиғаларды мына жерден оқуға болады:

http://migrantlar.tilda.ws/?fbclid=IwAR2oHhpr-jTQepoYayOkohSxFWg_tBzYfIff_qx52nyeFFHCHziKkVXPtrQ

«Бізді жатақханадан қуып шықты. Қолымыздағы ауру баламен қақаған қаңтарда түн ортасында еш танысымыз жоқ жат қаланың көшесінде қалдық. Біз Өзбекстаннанбыз. Бізді Санкт-Петербургта уәде етілген үлкен жалақысы бар жұмыс қызықтырды. Балық зауытындағы жұмыс үшін бізге айына 400 доллар уәде етілді – көп ақша. Кейін, сынақ мерзімі аяқталған соң, тіпті 700 доллар төленетін болды. Бұл, дәнекерлердің айтуынша, жұмыс берушінің мойнына алып отырған тамақ, тұратын жер мен әлеуметтік құжаттарынан бөлек, – дейді Ровшан. – Ұлым Ұлықбекті қалдыратын адам болмай, оны өзіммен алуға тура келді. Қолымдағы кішкентай баламен үш автобуспен жол жүру оңай болған жоқ – суық, тар. Біз Санкт-Петербургқа келген кезде бізді жатақхананың бір бөлмесіне орналастырды. Екі жеті бойы далаға да шықпай құжаттарымызды күтіп жұмыссыз отырдық.

Төлқұжаттарымызды рәсімдеуге тапсырған болатынбыз. Біраз уақыттан кейін бізге жол шығыны үшін 48 мың рубль қарыз және тұрып жатқан орнымыз үшін 50 мың қарыз барын айтты. Төлқұжаттарымызды қайтарған жоқ, көші-қон картасы мен жұмысқа рұқсат қағазы да басшыда қалды. Зауытта жұмыс істеп қарыздарымызды қайтара бастадық. Баланы апарар орын болмады. Балабақшаға қабылдамаған соң жерлес әйелмен келістім. Ұлым жиі ауыратын болды, ауа-райы жақпады ма, әлде күтуші әйел ұқыпты болмады ма, белгісіз. Құжаттың жоғынан дәрігерге де қарала алмадық. Үйге қайтуға ақша болмады. Біраз уақыттан кейін өзім де ауырып қалдым. Күндердің күнінде төсек тартып жұмысқа бара алмай жатып қалдым. Ұлықбек үнемі ауырып, қатты жөтеліп, қызуы көтерілді. Мен оны халықтық еммен емдедім, бірақ ол көмектесе қоймады. Басшы келіп бізден тек қана шығын көріп жатқанын айтты. Бізді жатақханадан қуып шықты. Қолымыздағы ауру баламен қақаған қаңтарда түн ортасында еш танысымыз жоқ жат қаланың көшесінде қалдық» дейді Умида.

«Бізге жерлестеріміз көмектесті. Бірнеше күн солардың вагондарында тұрдық. Біршама уақыттан кейін Андижаннан келген Мурод есімді жігіт жалдап жүрген пәтерге шықтық. Ол азық-түлікпен және ақшалай көмектесті. Біз ғаламтордан «Истикболли авлод» ННО телефон нөмірін тауып алдық. Олардың көмегімен құжаттарымызды реттеп, отанға оралдық. Мурод секілді жігітке жолықтырған Аллаға шүкір және тек оралуға ғана емес өзге де жәрдемдері үшін ННО жұмысшыларына алғысым шексіз. Отанымызға келген соң жұмыс табуға көмектесті. Біз әлі де оларға жолығып тұрамыз. Олар біз үшін алаңдады. Әлемде өзгенің қайғысына көз жұма қарамайтын адамдардың бары қандай жақсы» – дейді Ровшан.

Шуддин Саидов