Арыс: Бір реттік жәрдемақыға құжат жинау басталды

200

Шымкент қаласының əкімдігіне қарайтын 10-шы секторде халықтың қарасы көп. Мұнда арнайы мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы да жұмыс істеп тұр. Барлығы бір реттік көмекке керек кұжаттарды жинап жатыр.

Тоқберген Баикеев, Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің əкімі: “Адам басына төленетін 100 мың теңгелік жәрдемақы жөнінен қандай құжаттарды дайындау мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік”.

Бір реттік жəрдемақы 100 мың теңге алу үшін қабылданатын құжаттарды жинау басталып кетті. Бір топ адамдар, мобильді халыққа қызмет көрсету орталығынан мекен-жай анықтамасын алу үшін кезекте тұр. Олар бұл  тізімнің көп екенін айтып, биліктен мұны кішкене жеңілдетуін сұрап отыр.

Раушан Абдраимова, Арыс қаласының тұрғыны: “ХҚКО бастығы “қазір мен жиналыстан шықтым. Ешқандай құжат дайындамайсыздар, үйлеріңізге қайтыңыздар” деген еді. Мынандай анықтаманы бермей қойды. Мен штабқа бардым сөйтіп едім. ол жақтағылар ашуланып маған бізге керек деді. Сөйтіп осы жаққа жіберды.  Қазір осы жердің өзінде бір сағаттай отырмын”.

100 мың теңге үлестіретінін естіген де халық бір қуанып калып еді. Бірақ бұлай шапқылап жүреміз деп ойламап едік дейді қала тұрғындары.

Олжас Айдарбек