Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына аттанып кетті. Сонымен бірге кешке қарай 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді.
Оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы темір жол вокзалынан шығарып салды. Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), Алматы облыстары (150) мен Нұр-Сұлтан (200) қаласына демалысқа жолданған болатын.
Жалпы осы жазғы демалыста Арыстың 4 мыңнан астам оқушысын өзге өңірлерге демалысқа жіберу көзделген. Қазіргі таңда 1 мыңнан астам оқушы демалысқа жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда. Оқушыларды арнайы бекітілген ұстаздар алып жүреді және жас өрендердің алаңсыз тынығуына қолайлы жағдай жасалған.