Қала әкімдігінің бірінші қабатында мұңын жергілікті билікке жеткізуге мүмкіндік беретін қабылдау бөлмелері ашылған. Екі баланың анасы Әйгерім Лесханова қала әкімінің қабылдауына жазыла алмай әлек. Осындағы жауаптылар жас анаға қабылдау тәртібін түсіндіріп, тізімге енгізді.
Әйгерім Сатымбекова, қала тұрғыны: «Қиналып кеттім. Көмектесетін ата-анам қайтыс болған. Екі баланы асырауға қаражатым жетпейді. Қаржылай көмек болса екен. Қолдау сұрап келдім».
Аптаның сәрсенбі күні азаматтарды қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова және қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары қабылдады. Қалалықтардың көтерген мәселелері баспана, әлеуметтік қолдауға қатысты.
Айта кететін жәйт, бүгінде Шымкент қаласында үй мен жер телімі кезегінде 130 мың азамат тіркелген. Олардың арасында пәтерлі болуға ниетті 38 мың қалалықтардың 16 мыңға жуығы көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, 20 мыңы мемлекеттік және бюджет қызметкерлері.
Шынар Оразова