Қызылша дерті өршіп тұр

289
фото inform.kz

Елімізде қызылша дерті өршіп тұр. 2018 жылмен салыстырғанда биыл қызылша ауруымен тіркелген адамдар саны 3 есеге көбейген. Жұқпалы дертпен тіркелгендер бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Қызылорда қалалары көш бастап тұр.

Биыл Қазақстаннның 17 өңірі бойынша қызылша ауруына шалдыққан адамдардың саны күрт артқан. Шымкент қаласында жұқпалы дертпен 1208 адам тіркелсе, оның 880-і кәмелетке толмағандар. Тіпті 1 жасқа дейінгі нәрестелер арасында да қызылша асқынып тұр. Оның басты себебі – кезінде 20-29 жас аралығындағы жас аналарға дер кезінде қызылшаға қарсы вакцинаның егілмегені.

Забира Есенғараева: «Біріншіден вакцинаның жетіспеуі. Екінші вакцинаның дұрыс сақталмауынан. 20 мен 29 жас аралығындағы аналардың көбі иммундаусыз қалуы. Ал одан кейінгі салынған вакцинаның әсері болмады».

Қызылша ауруына шалдыққан емделушілердің саны артуының тағы бір себебі, ата-аналардың балаларына екпе салуға қарсылығы. Жасөспірімдер арасында кеңінен таралған аталмыш ауру бойынша еліміз әлемдегі бірінші ондықтың ішіне енді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, өкінішке орай қазіргі кезде ҚР қызылша бойынша сырқаттану деңгейі өте жоғары. Қазақстан дж бойынша бірінші ондықтың ішінде. Украина, Болгария мемлекеттері сияқты көрсеткіші жоғары деңгей бойынша кіріп отыр.

Қазіргі уақытта екпені қайта салу шаралары қолға алынды. Нәтижесінде қызылша ауруы біршама төмендеген.

Камила Есенғали