Қазгидромет 23 қыркүйек күні елдің қатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай, дауыл сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Нұр-Сұлтан қаласында 23 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі болжанады. Түркістан облысы мен Шымкент, Көкшетау қалаларында да найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Еске салсақ, кеше синоптиктер елорда мен еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.