3°С дейін үсік жүреді: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

196
CC0 / Brigitte Werner

Синоптиктер 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам ұсынды. Республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы үш тәулікте елдің көптеген облысында жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, ауа температурасы нормадан төмен болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік жүреді», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, антициклон әсерінен тек республиканың батысында күн ашық болады. Антициклонның шығысқа таралуына байланысты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын тоқтайды.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

10 қыркүйекте күн бұлтты, аздаған жауын жауады, найзағай жарқылдайды. Күндіз ауа температурасы +15°C, түнде +8°C жылы.
11 қыркүйекте күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15°C, түнде +10°C.
12 қыркүйекте де ауа райы жауын-шашынды. Сынап бағанасы күндіз +14°C, түнде +9°C көрсетеді.

Алматы

10 қыркүйекте күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15°C, түнде +11°C жылы.
11 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +19, түнде +10 градус.
12 қыркүйекте де күн ашық, сынап бағанасы күндіз +20°C, түнде +13°C көрсетеді.

Шымкент

10 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +21°C, түнде +14°C.
11 қыркүйекте күн ашық, сынап бағанасы күндіз +25°C, түнде +13°C көрсетеді.
12 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз +27°C ыстық, ал түнде +16°C жылы болады.