Дизель құйылған резервуарға найзағай түсті

40

Шымкенттің жанар-жағармай құю бекеттерінің біріндегі жер асты дизель отыны қоймасына найзағай түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырылды.

Тұран ауданындағы оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы сыйымдылығы 23 тонна жанармай құю станциясындағы резервуардан түтін көтеріліп жатқанын анықтады. Жанармай сақтауға арналған жер асты қоймада 11 тонна дизель отыны болған.
«Ашық от болған жоқ. Дизель отынының тұтануына жол бермеу үшін көбік құйылып, цистерна салқындатылды», – деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер резервуарды қысқа мерзімде – 15 минуттан аз уақыт ішінде қауіпсіздендірді. Оқиға орнында Шымкент қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 адам мен 2 техника жұмыс істеді.