Қазақстанның барлық аумағында күн суытады

87
фото Tengrinews.kz

 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнгі үсік тудырған суық антициклон шығыс бағытта жүрып жатыр. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасының төмендеуі мен үсік күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ал Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысуда, онымен республиканың басым облыстарында жауын-шашын, күшті екпінді жел, солтүстік облыстарында жаңбырдың жылбысқы қарға ауысуы күтіледі. Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындап, ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады.